Digital Minds 2025
№121 жалпы білім беретін мектеп «Digital Minds: Жасанды интеллект дәуіріндегі мектеп» қалалық форумы аясында өткен «Технологиялар әлеміне саяхат» роботтар көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатқа ие болды. Бұл марапат – оқушыларымыздың ынтасы мен еңбегінің, мұғалімдердің қолдауының нәтижесі. Мектебімізге көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіреміз! 🌟