Алматыда Роботтар фестивалі басталды
Бүгін Алматы қаласында робототехника саласындағы ірі аймақтық іс-шаралардың бірі - Роботтар фестивалі Daryn FIRST Qualifier 2026 басталды. Фестиваль оқушылардың инженерлік ойлауын, бағдарламалау дағдыларын, жобалық және командалық жұмыс мәдениетін дамытуға бағытталған. Сайыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған сайысқа 200-ге жуық команда, 1500-ден астам оқушы қатысуда.Daryn FIRST Qualifier 2026 - оқушылар үшін тек жарыс алаңы